Қызметкерлер
Максим Геннадьевич Захаров 1978 жылы 03 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық заң колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Бірнеше рет біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Максим Геннадьевич өзінің мансабын 2006 жылдан бастады. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті.
2007 жылдан 2013 жылға дейін «Казцинктех» ЖШС-нің жетекші заң кеңесшісі қызметін атқарды.
2013 жылдан 2022 жылға дейін «Казцинк» ЖШС-нің жетекші заң кеңесшісі қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Kazmintech Engineering» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады.
Үйленген, ұлы мен қызын тәрбиелеп отыр. Белсенді демалысты, сноуборд пен велосипед тебуді ұнатады.