Kazmintech Engineering өкілі 2022 жылғы 6 қазанда Алматы қаласында өткен «Қазақстандағы Германия экономикасының 24-ші күні» конференциясына қатысты. Іс-шараны ҚР-сындағы Германия экономикасы Одағы және Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігі ұйымдастырды.
«Kazmintech Engineering» ЖШС директоры А.Н. Аршабеков «Қазақстан болашақта стратегиялық шикізат пен энергия тасымалдаушылардың экспорты бойынша сауда серіктесі ретінде» панельдік сессиясы барысында баяндама жасады. Панельдік сессия шеңберінде ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері және шикізат секторын одан әрі дамыту үшін Қазақстанның алдында тұрған проблемалар талқыланды.