«Kazmintech Engineering» ЖШС Engineering Dobersek компаниясымен бірлесіп, 2019 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында өткен «Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту, Mining and Metals Central Asia 2019» Орталық Азия халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрмеге Еуропадан (Аустрия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Кипр, Нидерланды, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария), Азиядан (Үндістан, Иран, Қытай, Корея, Түркия, Жапония), Аустралиядан, Солтүстік Америкадан (АҚШ, Канада), Оңтүстік Африкадан және ТМД елдерінен (Қазақстан, Ресей, Украина) жабдықтар мен арнайы техника өндіру, инжинирингтік қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу саласындағы танымал халықаралық компаниялар қатысты).
Компания тау-кен және металлургия салаларында жобалаудың заманауи әдістерін ұсынды, сондай-ақ жабдық өндірушілермен және әлеуетті тапсырыс берушілермен бірқатар белсенді келіссөздер жүргізді.