2021 жылғы 15-18 Наурызда «Кazmintech Engineering» ЖШС жобалаушыларына арналған «Жобалық және жұмыс құжаттамасына қойылатын жаңа талаптар. Жобалау ұйымында нормалық бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыру» онлайн-семинары өтті.
Нормалық бақылаушылардың біліктілігін арттыру туралы шешім олардың жұмысын ұйымдастыру, жобалық (жұмыс) құжаттамаға қойылатын талаптар жобалаудың өзіндік құнына, өнімнің (қызметтердің) сапасына және, сайып келгенде, – экономикалық қызмет көрсеткіштеріне және «Kazmintech Engineering» ЖШС-нің Қазақстан Республикасындағы құрылыс кешеніндегі беделіне тікелей әсер ететіндігіне байланысты қабылданды.
Курс модераторларының алдында (нормалық бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құжаттардың авторлары) қиын міндет тұрды: РФ-сындағы нормалық бақылаушылардың талаптары мен тәжірибесін Қазақстан Республикасындағы нақты жобалау шарттарымен байланыстыру.
Дәстүр бойынша, нормалық бақылаушыларының міндеті оның жобалаудың дұрыстығын бақылау бөлігінде жобалық құжаттаманың сапасын қамтамасыз ету деп түсінілді. Алайда, бұған ерекше назар аударылды, нормалық бақылаушылар тапсырыс берушілердің қанағаттанушылығын арттыру жөніндегі жұмысқа (ИСО 9001-2015) қатысуға, атап айтқанда, жеке конструкцияларды, бұйымдар мен тораптарды осы құжаттаманы әзірлеушілердің келісімімен қайта қолданылатын үлгілік немесе бұрын әзірленген жеке конструкциялармен ауыстыруға қатысты ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Нормалық бақылаушылардың міндеті – орындаушылардың назарын жабдықтар мен материалдардың ескірген конструкцияларын қолданудың орынсыздығына аудару, нақты жобалық шешімдерге байланысты қателіктер базасын қалыптастыруға ықпал ету.
Нормалық бақылаушыларға жобалық шешімдерді орындаушылармен өзара әрекеттесудің психологиялық аспектілері туралы нақты ұсыныстар да маңызды болды, өйткені олардың ескертулерінің тиімділігі ғана емес, сонымен бірге ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал да осыған байланысты.
Осы мәселелерді талқылау нәтижесінде біздің мамандар нормалық бақылаушылар қызметінің мақсаттары мен міндеттері, ұйымдық құрылымдағы нормалық бақылауының орны, нормалық бақылаушылардың міндеттері, олардың бағыныштылығы, өкілеттіктері мен жауапкершілігі туралы неғұрлым нақты жүйелі түсінік қалыптастырды.