Сәуір айының ортасында біздің қызметкерлер: директордың жобалау жұмыстары жөніндегі орынбасары-бас инженер А.Б. Карякин және металлургия бөлімінің бас металлургы А.О. Теут «ҚЗ хлор орталығы» ЖШС ұйымдастырған және Алматы қаласында өткізілген «хлор мен оның негізіндегі өнімдерді өндіру және қолдану кезіндегі проблемалар мен шешімдер» семинарына қатысты.
Семинарда ҚР-сында хлор саласын дамыту мәселелері мен проблемалары, сондай-ақ нормативтік базаны жетілдіру жолдары талқыланды. Кездесуге Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарының (хлор мен оның негізіндегі өнімдерді тұтынушылар) өкілдері де қатысты.