Компанияның жобалық құжаттамасы бойынша Өскемен қаласындағы «Казцинк» ЖШС күкірт қышқылы зауытында «Халдор Топсе» WSA қондырғысының 102 метрлік құбырын қайта жаңарту аяқталды.
Жоба өндіріс циклінен шығарылатын металлургиялық газдардың сапасына және қоршаған орта үшін атмосфераға шығарындылардың қауіпсіз жағдайлары бойынша талаптардың сақталуына ұдайы назар аударуды ескере отырып, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мақсатында іске асырылды.
Қайта құру барысында Компания авторлық қадағалауды жүзеге асырды, оның шеңберінде барлық жобалық талаптар мен нормалардың орындалуы расталды.