Павлодар қаласында «Kazmintech Engineering» ЖШС қызметкерлерін әлеуметтік қолдау
2023 жылғы ақпанда Павлодар қаласындағы компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде «Kazmintech Engineering» ЖШС мен «MEDICO – диагностикалық орталық» ЖШС арасында Серіктестіктің бюджетте көзделген қаражаты есебінен қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуге шарт жасалды. Бұл медициналық көпсалалы мекеме, заманауи медициналық техникамен жабдықталған және өз штатында жоғары білікті мамандары бар.
Әр кезеңде Кazmintech Engineering - жобалаймыз, саламыз, бақылаймыз.