Компанияның жобасы бойынша Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен байыту комбинатының зерттеу зертханасының құрылысы аяқталды. Зерттеу зертханасы кіріс шикізаты мен дайын өнімнің сынамаларын талдаудың физика-химиялық және физикалық әдістері негізінде терең талдаулар жүргізуге, өнім өндіру технологиясы бойынша зерттеу зертханалық сынақтарын жүргізуге, бақылау, төрелік сынамаларды сақтауға арналған.
Зертхана өндірістік үй-жайлардан (сынама дайындау бөлімшесі, ұсақтау және сусыздандыру бөлімшесі, флотация бөлімшесі, минералогиялық үй-жай, зерттеуге арналған сынамаларды сақтау үй-жайы, бастапқы сынамаларды, шығыс материалдарын сақтау үй-жайы, реактивтер қоймасы, сынама алу ыдыстарын жуу бөлмесі), сондай-ақ әкімшілік және қосалқы үй-жайлардан тұрады.
Авторлық қадағалауды жобалау және жүргізу барысында Компания мамандары өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті техникалық жобалау шешімдерін іске асырды.