Ақпан айында Компания қызметкерлеріне арналған ішкі семинар өтті. Kazmintech Engineering тау-кен инженерлері келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттырды:
- кеніш желдету жұмысын модельдеу;
- қазбаларды желдетуді жүзеге асыру үшін желдеткіштерді, қысым мен ағынның әртүрлі мәндерін қолдану;
- желдету сапасын жақсарту әдістері;
- қайта айналымның желдету сапасына әсері;
- шахталардағы ластану көздері мен газдар;
- уақыт өте келе шахтада газдардың жиналуын есептеу;
- термодинамикалық модельдеу мәселелері;
- өртті модельдеу теориясы.
Оқыту VentSim DESIGN бағдарламалық жасақтамасын қолдану арқылы жүзеге асырылды.