Бүгін, 2022 жылғы 08 қарашада «Kazmintech Engineering» ЖШС өкілдерінің Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Кәсіпорын қызметінің презентациясы өткізіліп, барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер табыс етілді. Бұл кездесу қол қойылған Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде студенттер мен «Kazmintech Engineering» ЖШС өкілдері арасында диалог түрінде өтті. Университет студенттері мен түлектерін кәсіпорынның қызметі қызықтырды. Кездесу соңында студенттер өндірістік практикадан өту үшін кәсіпорынға, ал түлектер – «Kazmintech Engineering» ЖШС-не жұмысқа шақырылды.
«Kazmintech Engineering» ЖШС өкілдерінің Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен кездесуі
Әр кезеңде Кazmintech Engineering - жобалаймыз, саламыз, бақылаймыз.