Орналасқан жері: Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Орындалу жылы: 2023 жыл
Жобаның мақсаты: Екінші бір тізбекті ТТП пайдалануға беруді ескере отырып, станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылысқа және одан әрі пайдалануға арналған шығындардың оңтайлы арақатынасы бар ЭС отын беру жүйесін қайта құру/жөндеу нұсқасын таңдау. Қайта құру/жөндеу нұсқаларының кез келгеніне қойылатын ең төменгі талап – 1400 т/сағ паспорттық өнімділікке қол жеткізу.
Жұмыс нәтижесі: «ЕЭК» АҚ ЭС энергия блоктарын отынмен қамтамасыз етуді жақсарту үшін отын беру трактісін қайта құру жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, оны іске асыру қосымша пайда әкелмейді, бірақ оның орындылығы технологиялық қажеттілікке байланысты. Энергия станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін энергия блоктарына отын жеткізуді жақсарту қажет.
Қолданыстағы отын беру трактісін қайта құрудың техникалық шешімдерінің 7 нұсқасы қарастырылды, оның 4-ші нұсқасы қолайлы деп танылды. Техникалық-экономикалық салыстыру нәтижелері бойынша қайта құрудың оңтайлы нұсқасы анықталды. Қайта құрудың барлық жеті нұсқасы бойынша ақпараттық модельдеу жүргізілді.
АКЖ қайта құрудың таңдалған техникалық шешімі конвейерлердің істен шығуына байланысты технологиялық процестің тоқтап қалу қаупін азайтуға және ЭС үздіксіз жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.