«Скиповая» оқпанының шахтадан жоғары технологиялық кешенін салу
Жобаның мақсаты: шахтаның мөлшерлегіш кешендерінен кен/тау жыныстарын беру үшін мұнара діңді, шахта үстіндегі технологиялық кешенді жобалау.
Қазақстанда металдан жасалған тірек элементтері бар дің конструкциясын әзірлеуге арналған алғашқы жоба. Жоспардағы өлшемдері 38-ден 24 метрге дейін, биіктігі 79,2 метр. Нысан техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге, I (жоғары) жауапкершілік деңгейіне жатқызылған. Өндірістік қуаттылығы – жылына 6 млн. тонна хром кені, өнімділігін жылына 7,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар.
Діңде 61,5 метр белгіде екі көтергіш машина орнатылған, олардың әрқайсысы - 640/-720 2-кезең және -880/-1040 3-кезең, жүк көтергіштігі әрқайсысы 30 тонна шахта оқпанының белгілерінен материалдарды жер бетіне тасымалдауға арналған екі скип-ыдыспен жабдықталған.