Орналасқан жері: Өскемен металлургия кешені
Орындалу жылы: 2012-2015.
Нысанның қысқаша сипаттамасы: Жобаны әзірлеу барысында келесі іс-шаралар орындалды:
Құрылыс-монтаж жұмыстары аймағынан энергетикалық желілер мен технологиялық коммуникациялар шығарылды;
КАр-15 ауа бөлу қондырғысының жабдықтарын, технологиялық және энергетикалық желілерін құрастыру және байланыстыру жобасы орындалды;
Жабдықтарды орналастыру үшін ОАБ әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен машина-аппараттық залы ғимараттарының құрылыс конструкцияларын қайта жаңарту және сейсмикалық күшейту орындалды;
Ауа бөлу қондырғысының жабдықтары мен желілерін монтаждау жобасы орындалды;
ТПБАЖ және БӨАмА бойынша жоба орындалды;
КАр-15 ауаны бөлу қондырғысының автономды сумен қамтамасыз ету жүйесінің (АСҚЕЖ) сорғы станциясы мен салқындату мұнарасының жобасы орындалды.
Кар-15 қондырғысы мен инфрақұрылым объектілерін күшпен электрмен жабдықтауға жоба орындалды;
Жобада бөлу блогын сыртқы орналастыра отырып, ҚЗ ОАБ-ның қолданыстағы өндірістік алаңдарында ауа бөлу қондырғысын (АБҚ) орналастыру көзделген. Терең салқындату әдісімен төмен қысымды цикл бойынша жұмыс істейтін АБҚ қолданылды. Салқындатқыш машиналар ретінде детандер-компрессорлық қондырғылар қолданылды. Таза аргон алу үшін қосымша өндірілген сутекті пайдалана отырып, оны каталитикалық тазартуды болдырмайтын ректификациялау технологиясы пайдаланылды. АБҚ жобасы ауаны бөлудің келесі өнімдерін сұйық және газ түрінде: технологиялық және техникалық оттегі, азот және таза аргон берумен орындалды. Газ тәрізді технологиялық оттегінің өндіріс көлемі - 15000 нм3/сағ. Сұйық криогендік өнімдерді сақтау, оларды газдандыру және баллондарды толтыру мүмкіндігімен оттегі, азот және таза аргон беру жүйесі қарастырылған.
Жобаның мақсаты: «Казцинк» ЖШС Ө МК мырыш және қорғасын зауыттарын оттегімен, азотпен және аргонмен қамтамасыз ету үшін ауа бөлу қондырғысын салу
Жұмыс жобасы сатысында ЖСҚ әзірленді.
Ерекшелігі: криогендік технологиялар, «толық аяқталған» (ЕРСМ) жұмыстарды орындау.