Орындалу жылы: 2012-2014ж.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы.
Нысанның қысқаша сипаттамасы: Жоба құрамына алтын өндіру фабрикасының мынадай негізгі объектілері енгізілген:
Үшінші ұсатқышты орнату;
Қайта себу торабының магистральдық конвейері;
Айналма конвейер жолы;
Пластиналық қоректендіргішті орната отырып, 1.18, КСМД конвейерін реконструкциялау;
Ұсақтау корпусына қосымша. Thyssen polysius диірменінің жылу алмастырғыш салқындату жүйесін орнату. POLYSIUS AG барабаны бар TM-M 6/1х9.05 барабан диірмені орнатылды, көлемі 250 м3, өнімділігі 500 т/сағ, дайын класы 0,074 мм;
Десорбциядан кейін белсендірілген көмірді қалпына келтіру үшін ГМО-да КЕМІХ реактивация пешін орнату;
Ірі габаритті жабдықтарды жөндеу бойынша цех салу.
Мақсаты: өнімділікті жылына 4-тен 8 млн.тоннаға дейін арттыру.
ЖСҚ әзірлеу, кейбір учаскелер бойынша шетелдік ұйымдардың сызбаларын бейімдеу жүзеге асырылды.
Ерекшелігі: қолданыстағы өндіріс жағдайында қосымша технологиялық және қосалқы жабдықтарды орнату.
Жоба «толық аяқталғанға» дейін орындалды.